Популярные тэги

Мүгедектерге жәрдемақы: 2026 жылы Қазақстанда кімге, қанша төленеді?

2025 жылдың қорытындысына сәйкес, елде мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар саны шамамен 553,9 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адам болды.


27/01/2026
10:55 224 0

Кімдерге жәрдемақы төленеді?

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше,  өткен жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 655,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 90,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

 

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

 

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себебіне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

 

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысына сәйкес 101,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 68,6 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

 

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

 

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

 

Биыл жәрдемақы мөлшері қанша?

 

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты.

 

Осылайша, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері

 

1-топ үшін 111 872 теңге,

2-топ үшін 89 498 теңге,

3-топ үшін 61 021 теңге.

 

2026 жылығы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 72 409 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 73 306 теңге.

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/01/2026 10:55
224 0

Уведомление